Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Показать на карте

“Құмар ойынға, құмартпа !” атты онлайн-кездесу өтті

“Құмар ойынға, құмартпа !” атты онлайн-кездесу өтті

Қарашаның 18 күні , “Салауатты өмір сүру” жобасы аясында, Қазақстан Жастар Фракциясы мен “Jas Otan” Жастар қанатының ұйымдастыруымен, лудоманияның алдын алу мақсатында Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің студенттерімен бірге “Құмар ойынға, құмартпа !” атты онлайн-кездесу өтті. 

Кездесу барысында, “Free people” оңалту орталығының маманы Ильяс Сагадиев, студенттермен тәуелділік түрлері мен олардың адам ағзасына, психикасына және өмірлеріне тигізетін кері әсерлері жайында тың ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, құмар ойыннан, тәуелділіктен сақтануға, салауатты өмір салтын сақтауға үндеу жариялады.

Онлайн-кездесу соңында АГЭУ студенттері және Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері сұрақтар қойып, өздерін мазалап жүрген сауалдарға жауап ала алды.