Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Показать на карте

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру аясында «100 жаңа есім»

06.10. 2020 жылы Алматы экономика және статистика академиясында Жастар ісі жөніндегі комитет «Қаржы» кафедрасының 2,3 курс студенттерімен бірлесе отырып «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында «100 жаңа есім» атты онлайн- іс шара өткізілді.

Мақсаты: Жастарға 100 жаңа есімге енген тұлғалармен танысып, үлгі, өнеге алу. Онлайн іс –шарада рухани жаңғыру мақаласының жобаларына тоқталып,студенттер Қазақстанның 100 жаңа есім қатарына кірген жаңа есімдерді студенттерге таныстырылып,баяндама жасалды. Әсіресе, іс-шара барысында 2,3 курс студенттерінің атынан Бейіндік бағыттағы «Білім және ғылым» саласына аса көңіл аударылды.

Қорытынды: Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады. Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы екендігін сезіне алуы қажет.