Мен АЭСА түлегімін. 2013 жылы АЭСА-ға «Менеджмент» мамандығына оқуға түскен болатынмын. Осы Академияда сапалы білім алдым, студенттік өмірдің ұмытылмас қызықты сәттерін басымнан өткіздім. Мен сабақ берген оқытушыларды ерекше ықыласпен еске аламын. Шағын болғанына қарамастан мұнда оқу процессі барлық талаптарға сай жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Академияда алған білімдерім мен дағдыларымды еңбек жолында қолданып жүргенімді мақтан тұтамын.