Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Показать на карте

«Армысың, Әз Наурыз!»

22 Наурыз- Ұлыстың ұлы күні мейрамы қарсаңында Алматы гуманитарлы-экономикалық  университетінде  қазақ тілі мұғалімдері  ф.ғ.к., профессор Оңалбаева К.Қ  және аға оқытушы, магистр Ибраева Ә.Е  ұйымдастыруымен 1-курс студенттерінің арасында «Армысың, Әз Наурыз!» атты  мерекелік іс-шара  өтті. Бұл кешке барлық студенттер бір кісідей ат салысты. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері «Бесікке бөлеу», «Сырға салу» рәсімдерін көрсетті. Қазақтың қара домбырасы күмбірлей шертіліп, ән де айтылып, би де биленді. Ақ дастархандағы ұлттық тағамдарды таныстырып, жасалу жолын айтты. Мерекелік іс-шара «Қара жорға» биімен жалғасып,  бата берумен аяқталды.  
Жиналған көпшілік бұл кештен үлкен әсермен қайтты.

WhatsApp Image 2023-03-17 at 15.37.01 (2).jpeg  WhatsApp Image 2023-03-17 at 15.37.02.jpeg

WhatsApp Image 2023-03-10 at 12.24.44.jpeg

WhatsApp Image 2023-03-17 at 15.37.01.jpeg

WhatsApp Image 2023-03-17 at 15.37.01 (1).jpeg