Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Показать на карте

Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдық мерейтойы.

Ұлылар мекенінде дүниеге келіп, ұлы Абайды бүкіл әлемге танытқан, кемеңгер жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің ұрпағы, тектінің тұяғы, Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, мәдениеттанушы, филология  ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Мұрат  Мұхтарұлы  Әуезовтің 80 жылдық мерейтойы ҚР Ұлттық кітапханасында    салтанатты  түрде аталып өтті. Университетімізден «ИС и ООД» кафедрасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі аға оқытушы Ибраева Алия Елемесовна қатысып келді.

Аталған   іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар мен мәдениет ұйымдарының өкілдері қатысты. Мерейтой иесіне жиналған көпшілік жүрекжарды құттықтау тілектерін білдіріп, естелік сыйлықтарын табыстады.Арнайы   ән де шырқалды. Жиын соңында М.М.Әуезов  қуанышына ортақтаса келген барша жұртшылыққа алғысын айтып, өз ризашылығын білдірді.

WhatsApp Image 2023-01-19 at 09.49.21.jpeg  WhatsApp Image 2023-01-19 at 09.49.20 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-01-19 at 09.49.20.jpeg