Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Показать на карте

Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы төрағасының Алматы қаласының жастарымен кездесуі

20 сәуірде Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Алматы қаласының жастарымен кездесу өтті. 15:00-де Алматы қаласының жастарымен сайлау процесінің мәселелері бойынша кездесуі барысында болашақта Сайлау форматын электронды немесе дәстүрлі түрде жүргізу бойынша, қала жастарымен ашық алаң ұйымдастырылды.

Саяси науқанның өзекті мәселесін саралауға бағытталған жүздесуден мегаполис жастары да қалыс қалған жоқ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен кездесуге шаһардағы 20-дан астам оқу орнынан 200-ге тарта студент жас­тар қатысты.

Кездесу  «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ механика-математика факультетінің Ө.А. Жолдасбеков атындағы үлкен залы («Қызыл зал»)-да өтті.

Кездесуге келгендер ақпа­раттық-түсіндіру жұмыстарын жүр­гізуде әлеуметтік желінің әлеуетін оңтайлы пайдалану ар­қылы жастардың саяси мәде­ние­тін қалыптастырып, сайлау процестеріне деген қызығу­шы­лығын арттыруға болады деген пікір айтты. Жастар электронды дауыс берудің басты артықшылығы оның қолжетімділігі, ал кемшіліктері ақпараттық қауіп­сіздікке қатысты қауіп-қатерлермен бай­ланысты екенін де атап өтті. Өз кезегінде Орталық сайлау комис­сиясының өкілдері егер болашақта электронды дауыс беру үдерісі өріс алар болса аталған жайлар міндетті түрде ескерілетінін мәлімдеді.

1.jpg