Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Показать на карте

«Мұзда жанған алау» Ерте үзілген шоқ гүлдер Желтоқсан қозғалысының куәгерлерімен кездесу өтті

«Мұзда жанған алау» Ерте үзілген шоқ гүлдер Желтоқсан қозғалысының куәгерлерімен кездесу өтті

   2021 жылдың 3 желтоқсан күні Әуезов аудандық әкімдігінің іс-шаралар өткізу туралы жоспар – тапсырмасына сәйкес, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығын атап өту бойынша Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті, Педагогика, бизнес және құқық институтында «Мұзда жанған алау» Ерте үзілген шоқ гүлдер атты әдеби – поэзиялық кеш ұйымдастырылды. ​​​​​​​​​                                                                  
 Тарихи-танымдық шараның негізгі мақсаты - желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын студенттер көңіліне ұялату, патриоттық тәрбие беру, Тәуелсіздікті құрмет тұту болып табылады. ​ ​ 
  Осыдан 35 жыл бұрын, қазақ халқының қабырғасын қайыстырып, дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасының куәгерлері, Алматы қаласы, Әуезов ауданы «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының мүшелері, желтоқсаншылар атап айтқанда: Ақылбаев Жанат Серікбекұлы, Кәріпжан Аманғазы Әлімғазыұлы, Кереев Сәкен, Әміржанов Басбатыр Сүндетбайұлы, Ашинова Гүлназ Ахатқызы және Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тұрдыбаева Камшат Зейнетқызы кешіміздің қонағы болды. Сонымен қатар, профессорлық – оқытуышылар қауымы мен студент жастар қатысты.
​   Алғашқы сөз кезегі институт директоры, профессор Мүбарак Ермағанбетұлына беріліп, желтоқсан оқиғасының мән-маңызы туралы қысқаша тоқталып, «Біздің халқымыз бостандыққа жету үшін қиындықтарға тап болды, ата-бабаларымыз армандаған бостандық үшін жанқиярлықпен күресті. Осыған байланысты, ұлт санасын дүр сілкіндірген және қоғамды алға жетелеген желтоқсан оқиғаларының ерекше маңызы бар» - деп атап өтті.
​   Желтоқсан оқиғасы - қазақ жастарының тәуелсіздікке ұмтылған күресі. Желтоқсан оқиғасы - тәуелсіздік таңын жақындатқан қозғалыс. Осы оқиға барысында у
ниверситетіміздің студент жастары «Ерте үзілген шоқ гүлдер» тақырыбында театрландырылған қойылым көрсетті. Бірі Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қ.Рысқұлбековті сомдаса, бірі Сабира Мухаметжанова, Ләззат Асанованың рөлдерін асқан шеберлікпен орындап берді. ​​​​
   Аязды күні митингке шыққан ауыр күндерін еске алып, тарихи және тәрбиелік маңызы зор шарадан кеш қонақтары үлкен әсер алды. ​​​​Кеш соңында Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы жылы лебізін білдірді, сонымен қатар тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиғаның куәгерлері, желтоқсаншылар, Әміржанов Басбатыр Сүндетбайұлы, ақын Кәріпжан Аманғазы Әлімғазыұлы жүрекжарды өлеңдерін арнап, «Біз жыл сайын сол оқиғаларды еске аламыз, сол арқылы біз сол уақыттың маңыздылығын халық жадында сақтағымыз келеді. 35 жыл ішінде көп нәрсе жасалды.
  Тәуелсіздікті сақтау үшін жас ұрпақтың санасында олардың ата-аналары, ата-әжелері әділетсіздікке қарсы шықты деген ойды нығайту өте маңызды. Олар желтоқсан оқиғаларының Тәуелсіздік әкелгенін білулері керек» – деді.
​   Кеш қонақтарының толғана айтқан ой - көзқарастары жас буынға ерекше әсер қалдырды. Әрине, етігімен су кешкен сол бір ауыр күндерді еске алу оңай болған жоқ. Дегенмен, қонақтардың Тәуелсіздік, Желтоқ
сан, ел, жер, ұлт туралы толғана айтқан ой-көзқарастары, тәрбиелік мәні зор әңгімелері жас буынға ерекше әсер қалдырғаны сөзсіз.
​  Тарихтан алар орны ерекше желтоқсан қозғалысына қатысты іс-шараны ұйымдастырушы, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Сағат Құтбанұлы әдеби – поэзиялық қойылымға атсалысқан барша студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттап, Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін хормен шырқап берді.
   Сондай-ақ студент жастардың шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында «Алматы» телеарнасы келіп, университет басшысы Мүбарак Ермағанбетұлынан, Желтоқсан куәгері Кәріпжан Аманғазы Әлімғазыұлынан сұхбат алып, іс-шарадан тағылы мол мәліметтерді телеэкраннан көрсетті.
​   Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болған аға-апаларымызға кездесу соңында университет тарапынан сыйлықтар табысталды, естелікке суретке түсті. Оңайлықпен келмеген Тәуелсіздігімізді, Желтоқсан қозғалысының оқиғалары өскелең ұрпақтың санасына сіңіп, жастарды ойландыратыны қатты қуантты.