Размер:
A A A
Цвет: C C C
Изображения Вкл. Выкл.
Обычная версия сайта

Показать на карте

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл тарихына арналған «Тәуелсіздік жылнамасы» атты жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы зияткерлік олимпиада

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл тарихына арналған  «Тәуелсіздік  жылнамасы» атты жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы зияткерлік олимпиада
14.04.2021 ж. Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жылнамасы» атты жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы зияткерлік олимпиада өтті.

Олимпиадаға қатысқан Алматы ЖОО-нан 5-команда:

1. «Алматы экономика және статистика академиясы», «Самұрық»командасы
Жетекшісі: т.ғ.к., профессор Кәдірқұлова Гулим Қағазбековна

2.Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, «Қыр баласы» командасы
Жетекшісі: т.ғ.к., доцент., Байдильдина Сауле Хайрулловна.

3. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Тәуелсіздік жұлдызы» командасы
Жетекшісі: аға оқытушысы Калдыбаева Сафура Сапаргалиевна, тарих кафедрасының

4.Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті, «Қас-Сақ» командасы
Жетекшісі: т.ғ.к. кауымд. Профессор., Ахантаева Амина Жағыппарқызы.

5. Еуразия технологиялық университеті, «Фемида ETU» командасы
Жетекшісі: п.ғ.к., ассоц. Профессор., Рысбекова Гүлжанат Еркінқызы.

 Сайыс нәтижесі бойынша ЖОО арасында Алматы экономика және статистика акаедмиясының КДМ белсенді мүшелері және 1-2 курс студенттері III-орынға ие болды. Олимпиада барысында белсенділік танытқан студенттік топтарға арнайы сертификатар берілді:«Үздік» эссе номинациялары бойынша АЭСА жастары марапатқа ие болды және Олимпиадаға қатысушы АЭСА жетекшісі Кәдірқұлова Гулим Қағазбековна т.ғ.к., профессорға «Алғыс» марапаты ұсынылды.